Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Алматы қалалық полиция департаменті Медеу ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде орын алған 18 жастағы азаматша А-ны өлтірді деген күдіктінің қолға түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Күдікті азамат С. Алматы қаласының маңынан ұсталды. Ол ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кешенді жедел-іздестіру шаралары жалғасуда», — деп түйіндеді Медеу аудандық ІІБ бастығы, полиция подполковнигі Дәурен Өтебаев.

 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматыдағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде 18 жастағы қызды өлтіріп, денесін өртеп кеткені туралы жазылған. Жантүршігерлік оқиға жалға берілетін пәтерде  болған.

Қылмыстық іс «Адам өлтіру» бабы бойынша тергеліп жатыр. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе ол 15-жылдан 20-жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Рубрика: