Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Алматыда ұлттық гвардияның келісімшарт бойынша жұмыс істеп жүрген әскері қызметтік қарумен өзіне оқ атып көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Ағымдағы жылдың 22 тамызында сағат 15:15 шамасында 3650 (Алматы) әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі, 2001 жылы туған Абылай Сабыров өзіне кезекші міндетін атқару кезінде тағайындалған «Макаров» тапаншасынан жарақат алғаны белглілі болды”, – делінген ақпаратта.

Қазір құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, қызметтік тергеу тағайындалды.

«Ұлттық ұланның жоғары қолбасшылығы мен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметші Абылай Сабыровтың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады», — делінген ведомство хабарламасында.
Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Рубрика: