Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Алматыда несиесін төлей алмаған 48 жастағы әйел өзін өзі өртемекші болды. Ол мемлекеттік бағдарламамен қайта қаржыландыру үшін банк менеджерлері құжатты қабылдау уақытын созып жібергенін айтады. Ал әйел қарызын қайтармаса, банк сот арқылы жалғыз үйін тартып алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

Венера Мырзажанова 2015 жылдан бері несиесін төлей алмай келеді. Жалғыз басты ана 3 баласын өзі тәрбиелеп отыр екен. Айтуынша, 2006-шы жылдары 26 миллион теңге несие алған. Алғашында несиесін уақытылы өтеп отырған, кейін анасы өмірден өтіп, өзі ажырасыпты. Бір өзіне кредит төлеу қиын болып кеткеннен несиесін қайта қаржыландырғысы келеді. Алайда, кепілдікке қоятын үйі қайтыс болған анасының атында болғандықтан, біраз уақыт қажет екен. Ал қайта қаржыландыруға өтінім бірінші желтоқсанға дейін ғана қабылданады. 

 

“Біз банкрот болдық. Дүкеніміз бар еді. Ол жабылды. Менеджер қайта қаржыландыруға өтінім қабылдағаннан кейін кем дегенде екі аптада жауабы шығатынын айтты. Ал мен бірінші желтоқсанға дейін өтінім беріп үлгермесем, баспанамнан айырылып, балаларыммен далада қалатын түрім бар. Мен үйімнен айырылғым келмейді. Өзімді өртеп жіберуге де дайынмын!”, – деді Алматы облысының тұрғыны Венера Мырзажанова.

Венера Мырзажанованы қаржы ұйымының мамандары құжатын тездетіп қабылдауға уәде берді.

 «Рахым» әлеуметтік ұйымы басшысының сөзінше,  елде әлеуметтік осал топқа жататын 40 мың адам несиелерін арнайы бағдарлама арқылы қайта қаржыландырған екен. Енді 2 мыңнан адам бірінші желтоқсанға дейін өтінімдерін беріп үлгеру керек. 

“Программа жабылады. Осы программада 2300 адамның жағдайы кіріп, шешіліп қалсын деп сұрадық”, – деді «Рахым» әлеуметтік үйінің басшысы Бибігүл Шерәлиева.

Ал финпром порталының сарапшылары халықтың қарыз бен несиеге төлейтін ақшасы былтырғығы қарағанда 14,5 пайызға артқанын айтады. Зерттеу нәтижесінде, азаматтардың мұндай шығынға кететін қаражат көлемі 10 мың 200 теңгеге артыпты. Жалпы, Қазақстанда 5 миллионнан аса адамда несие болса, соның көбісі проблемалы кредит екен.

Рубрика: