АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]Алматыда екі бала мен олардың әжесі дәретхана шұңқырына құлап, көз жұмды[:]

[:kz]

 

Алматыда екі бала мен олардың әжесі дәретхана шұңқырына құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

30 маусым күні Алматыдағы Наурызбай ауданы Абай ауылында болған. 

Құтқарушылардың мәліметінше, шұңқырға бірінші 2020 жылы туған қыз құлап кеткендігі белгілі болды. 2009 жылы туған үлкен ағасы, көмектесуге әрекеттеніп, қарындасын өз бетінше тартып алуға тырысқан. Артынша балалардың әжесі мен әкесі оларды құтқармақ болған. Өкінішке орай, тек әкесі аман қалды, оны құтқарушылар келгенге дейін шығарып, жедел медициналық жәрдем дәрігерлеріне тапсырған. 

«Республикалық жедел-құтқару жасағы, тұрғындарды балаларды қараусыз қалдырмауға және өте мұқият болуға шақырады», — деді құтқарушылар.

[:]