Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Алматы қаласы Алмалы ауданында брендік киімдер мен аяқ-киімдер дүкенін тонаған үш ер адам ұсталды. Ақпаратты полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов өз Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

39, 37, 33 жастағы азаматтар жаппай тәртіпсіздіктерді пайдаланып, Гагарин көшесінде орналасқан киім дүкендерін тонаған. 

Ұрылардың қылмысын куәгер видеоға түсіріп алған. Кадрлардан ер адамның заттарды көліктің жүк салғышына салып жатқанын көруге болады.

«Ер адамдар ұрланған киімдерді өлшемі және маусымға қарай бөліп үлгерген. Сонымен қатар олардың өзге де тәртіп бұзушылықтарға қатысы бар екені анықталды», — деп жазды Алматы полиция департаменті басшысының орынбасары. 

Айта кетейік, бұған дейін Алматы тұрғыны ұрлықтың куәгері болғаны туралы мәлімдеген еді. Оның сөзінше, ұрылар дүкендерді отбасыларымен бірге тонаған.

 

Рубрика: