Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы Әл-Фараби даңғылындағы «Тұңғыш Президент» саябағы жанындағы көпірге періште формасындағы манекен ілулі тұрған видео пайда болды. Тұрғындар бұл адам деп болжады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі Бостандық ауданының полиция басқармасынан хабарлағандай, бұл факт туралы жолаушылардан дабыл түскен.

«Патрульдік жасақ келген кезде періште түріндегі манекеннің жаяужолға ілулі тұрғандығы белгілі болды. Камералардан алынған деректерге сүйенсек, оны екі жас жігіт іліп кеткен, олардың жеке басын анықтап жатырмыз», — деді ПД баспасөз қызметі.

Тексеру жұмыстары кезінде олардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, заңнамаға сәйкес одан әрі қабылданатын шаралар қолданылады.
 

Рубрика: