Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Алматыда мектеп оқушылары төбелесіп, бір оқушы пышақ жарақатын алды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға Алатау ауданына қарасты Ақкент шағынауданында болған. Құрдасына пышақ сұғып алған оқушы қамауға алынды.

 

«Бұл оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Анықталғандай, жасөспірімдер арасында жанжал шығып, салдарынан екеуі пышақ жарақатын алды. Күдікті анықталып, қамауға алынды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасуда», -деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Рубрика: