Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

30 мыңнан аса алматылық баласына Pfizer вакцинасын салдыруға келісім берген. Бұл туралы брифингте Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша, мегаполисте 12 мен 17 жас аралығындағы 170 мың бала. Оның ішінде ата-ананың 20 пайызы баласына Pfizer вакцина егуге келісім берді.

 

«Бұл шамамен 30 мыңнан аса ата-ана. Алайда бұл көрсеткіш өзгеруі мүмкін, себебі сәт сайын келісім бергендер артып жатыр. Вакциналау алдымен медицина мекемелерінде жүргізіледі. Ал білім ордаларына тек арнайы шақырту арқылы медицина қызметкерлері барады» , — деді Светлана Сұлтанғазиева.

Қалада Pfizer вакцинасын салу 12 қарашада басталады. Бірінші кезекте 16-17 жастағы балаларға ата-анасы рұқсат бергеннен кейін салынады.

Айта кетері, 10 қарашада түнде Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді. Алматы қоймасында вакцинаның алғашқы 46 800 дозасы, бірінші компоненттің 23 400 дозасы және екіншісінің 23 400 дозасы бар. Екі бөлігінің арасы 21-28 күн болуы керек.

 

Рубрика: