Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Алматылық Мария Чечина тәртіпсіздік кезінде жараланған үш сарбазды құтқарып қалып, ерлік жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы тұрғыны Сергей Радионов желідегі парақшасында жеткізді.

«Досым Мария Чечина, Алматы тұрғыны, халықаралық дәрежесі бар заңгер. Өткенде ол ерлік жасады, өзі бұл туралы айтпауы мүмкін, бірақ сіздер де біле жүріңіздер.

Оның үйінің кіреберісіне жарақат алған жауынгерлерді митингке шыққандар алып кеп тастаған. Ал ішіндегі бір жас баланың қабырғасы сыныпты. Айтуынша, сарбаз үйге кіруге, жуынып, жағдайдың қалыпқа келгенін күтуге қарсы болған. Ол үшін сарбаздарға 10 жыл мерзім жаза қарастырылғанын айтқан. Солай подъезде жатқанында жанына өзі сияқты қорыққан, жұқа көйлекшең сарбаздар келіп қосылған.

Айтуларынша, каскалары мен күртешелерін үстілерінен біреулер шешіп алған. Ал олардың жасы небәрі 19-20 -да. Дәл осындай балалар үлкен топқа қарсы тұрып, бізді қорғауға шықты», — деп жазды ол. Сергей Радионовтың сөзінше, Мария Чечина жігіттерді көлігіне салып алып, әскери бөлімге апарған.

«Ол уақытта қала жанып, атыс жүріп жатты. Үш жігітті аман алып қалды. Тек үйге келгенде ғана өзінің өміріне төнген қауіпке қарамастан қалада жүргенін түсінген. Досымды мақтан тұтам», — дейді Марияның досы.

Марияның өзі сол күнгі басынан өткен жағдайды ешқашан ұмытпайтынын айтады. «Олар бізді қорғап көшеде жүрді, ал біз үйде отырмыз. бірақ сол күні мен өзім үшін ұялған жоқпын.

Ең болмаса үш жігітке көмектесе алдым, әрқайсысымыз оларды қолдауымыз керек деп ойлаймын. Біз оларға керекпіз», — дейді Мария Чечина.

kaz.nur.kz/

 

Рубрика: