Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Алматы полициясы аялдамада қарияны жуан таяқпен ұрып-соққан азаматты іздеп жатыр. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бейнежазба Instagram желісіндегі kris_p_nursultan_official парақшасында пайда болды.

Кадрлардан жас жігіттің аялдамада тұрған қарияға жақындап, оны балағаттап, жуан таяқпен бірнеше рет ұрғанын, артынша көлікке отырып кетіп қалғанын аңғаруға болады. Жазбаға қарағанда көлік жүргізушісін жол бойында кетіп бара жатқан егде жастағы азамат ызаландырып жіберген.

Желі қолданушылары қарияны ұрып-соққан азаматтың жазалануын талап етті. Оқиғаға қатысты Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов пікір білдірді.

«Кеше, 2022 жылдың 6 ақпанында Алматы полиция департаментінің тергеу басқармасында БАҚ және әлеуметтік медиа мониторингінің қорытындысы бойынша процессуалдық тексеру басталды. Қазіргі уақытта тергеу басқармасының тергеушілері Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел қолдауымен күдіктіні ұстау шараларын қабылдауда. Тексеру барысы мен нәтижелері Алматы қалалық полиция департаментінің бақылауына алынды. Құқық бұзушыға қабылданған шаралар қосымша хабарланады»,- деп жазды ол Facebook парақшасында.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Kris P Brothers Astana (@kris_p_nursultan_official)

kaz.nur.kz

 

Рубрика: