Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінде бойжеткенді өлтіріп, артынша өртеп жіберген деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әлеуметтік желіде «Латифа» тұрғын үй кешенінде қызды тұншықтырып, одан соң өртеп жібергені туралы ақпарат тарады. 

 

«Алматыда Достық, 138 мекенжайында орналасқан «Латифа» тұрғын үй кешенінде қызды өлтірген. Алдымен тұншықтырып, кейін өртеп жіберген. Учаскелік полицияға бұған дейін тәулікке берілетін пәтерлерде притон бар екенін бірнеше рет айттық. Бірақ олар тұрғындардың сөзін елемеді. Қазір учаскелік полицейлер оның жезөкше болғанын айтып жатыр», — делінген желідегі жазбада.

Алматы қаласының полиция департаменті кісі өлімін растады. Аталған дерек қылмыстық кодекстің 99 бабы, яғни «қасақана адам өлтіру» фактісімен іс қозғалған.

“Іс Медеу ауданы полиция бөлімінде қаралып жатыр. Арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Күдіктінің жеке басы анықталды, оны ұстауға бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар жәбірленушінің жеңіл жүрісті әйел болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қылмыстың мән-жайы мен себебі анықталып жатыр», — деп мәлімдеді полиция.

 

Рубрика: