Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Қаскеленде 41 жастағы жүкті әйел өз-өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға орнындағы суреттер әлеуметтік желілерде таралып кетті. Қаскелен перинаталдық орталығының 41 жастағы науқасы өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Әйелді жедел жәрдем қызметкерлері құтқарып қалды.

 

Белгілі болғандай, полицейлер бұған дейін Қылмыстық кодекстің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге апару) бойынша қылмыстық іс қозғап, тексеру ұйымдастырған.

«Расында, бұл оқиға 24 қазан күні Қаскелендегі перзентханада орын алған. Барлық мән-жай мен себептер тергеу барысында анықталады», — деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы шағын аудандарының бірінде әйелдің үш баласымен 9 қабаттан секіріп кеткені туралы хабарлаған едік. 

Рубрика: