Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Желіде Алматы облысы Іле ауданындағы отбасылардың бірінде асырап алушылардың кәмелетке толмаған балаларға қатыгездікпен қараған видеосы тараған болатын. Жағдайға Алматы облысының полицейлері түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Балалар үйінің тәрбиеленушілерін кез келген адамға бере салуға бола ма? Бұл балалар үшін мемлекет асыраушыға ақша төлейді. Оларды ешкім тексеріп жатқан жоқ! Мына балаларды ұрып-соғып, жұмыс істеуге мәжбүрлеуде», — делінген видеоның сипаттамасында.

Видеоның авторы балалар 18 жасқа толып, мемлекет жәрдемақы төлеуді тоқтатқан бойда асыраушылары оларды үйден қуып шығатынын айтады. Ал олардың орнына басқа балаларды алып кететін көрінеді.

Полиция департаменті видеоға жауап берді. Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі 27 тамызда Іле ауданының қорғаншылық және қамқоршылық органдарына отбасылық үлгідегі балалар үйінің тәрбиеленушілерін мерзімді түрде ұрып-соғу фактілері туралы ақпарат келіп түскенін түсіндірді.

«Ювеналды полиция қызметкерлері аудан әкімдігінің мамандарымен бірлесіп, тиісті тексеру ұйымдастырды. Тәрбиеленушілер уақытша Солнышко балалар үйіне жіберілді», — деді полицейлер.

Олар іс жүзінде ҚР Қылмыстық кодексінің 127-бабында (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу немесе құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша міндеттерді орындамау) көзделген материалды жинағаны атап өтілді.

Іс сот қарауына жіберілді. Балаларды одан әрі қамқорлыққа алу немесе одан айыру туралы шешімді арнайы құрылған комиссия қабылдайды.

 

Рубрика: