Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Алматы облысы Үштөбе қаласының маңынан үш адамның денесі бар көлік табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Автомобиль батпаққа түсіп кеткен, ал отбасыға бұған дейін іздеу жарияланған болатын. 

 

15 қараша күні Талдықорған қаласының 27 жастағы тұрғыны әке-шешесі мен қарындасының жоғалғаны туралы арыз түсірген. Оның айтуынша, отбасындағылар 14 қараша күні үйге оралуы керек еді. Алайда олардан еш хабар болмаған.

Полиция департаментінің хабарлауынша, дәл бүгін Талдықорған-Үштөбе трассасында жол шетіне аударылып, батпаққа түскен Skoda Superb маркалы көлік табылған.

“Алдын ала болжам бойынша, 60 жастағы жүргізуші рульге ие бола алмай, соның салдарынан көлік аударылған. Жүргізуші, 47 жастағы әйелі мен 19 жасар қызы да көз жұмған”, дейді — полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Рубрика: