Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Космос ауылында 11 шілде күні жантүршігерлік жайт орын алды. 63 жастағы зейнеткерді неше жыл көрші тұрған азамат пышақтап тастаған. Ер адам әжесін қорғамақ болып, жанұшырған 9 жастағы балаға да суық қарумен тап берген. Салдарынан зейнеткер көз жұмып, немересі ауыр жағдайда ауруханаға түскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. Жантүршігерлік оқиғаның орын алғаны туралы көршілері әлеуметтік желіде жазып, дабыл қақты. Олар ауыр жағдайда ауруханада жатқан жасөспірімнің еміне ақша қажеттігін айтып, көмек сұрады

«Бұл бала — менің көршім және сіңлімнің сыныптасы. Кеше, яғни, 11 шілдеде Космос ауылында сұмдық оқиға болды. Бұл оқиға біздің көршілерімізге де, көше балаларының бәріне қатысты. Біздің ортақ көршіміз (ол кісі ауылдасымызбен азаматтық некеде тұрып жатқанына 3 жыл болған. Оның туған шешесін өлтіргені үшін 25 жыл түрмеде отырғанын біз білмеппіз) кешкі сағат 17:30-дарда жеткіншектің әжесіне барып, ақша сұрапты. 

Әжей ақша беруден бас тартқан кезде, жауыз қайта айналып келген. Бұл жолы ол пышақ ала келіпті. Ол әжейді пышақтап, оны қорғамақ болған жасөспірімді пышақпен ұрған. Құдай сақтап, бала қашып шығып, көмек шақыруға үлгерген екен. Баланы бірден ауруханаға апарды. Бірақ әжейді құтқара алмай қалдық. Ол сол мезетте-ақ қайтыс болып кетіпті. Кісі өлтіруші ұсталды. Ал баланың жағдайы өте ауыр. Пышақ оның өкпесін, көкбауырын, бүйрегін зақымдаған. Ота да қиын өтті. Тіпті бір бүйрегін алып тастаған. Енді алда оның қалпына келуі үшін ұзақ ем алу қажет болады. Баланың жағдайы қиын. Оның анасы Тахминаға көмек керек», — деп жазған elis нигімен тіркелген желі қолданушысы. Аталған деректі Алматы облысы полиция департаменті де растады. Полиция берген ақпаратқа сәйкес, 53 жастағы Талғар ауданының тұрғыны кісі өлтірді деген күдікпен ұсталған. 

Зардап шеккен 9 жастағы бала қазіргі таңда Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасында жатыр. Сотқа дейінгі тергеу облыстық тергеу басқармасының қатаң бақылауына алынған.

kaz.nur.kz

 

Рубрика: