Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Алматы-Қапшағай тас жолында дельтаплан құлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әлеуметтік желіде Алматы-Қапшағай тас жолына құлаған дельтапланның суреттері мен бейнежазбалары жарияланған болатын.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, дельтаплан жолға қарай ұшып, тоқтар мен сымдарға ілініп, жерге құлаған. Оқиға ескі полиция бекетінің жанында орын алды. 

Алматы облыстық полиция департаменті ақпаратты растап, қазіргі таңда істің Алматы облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасына өткені туралы айтып берді. 

Қазіргі таңда зардап шеккендер туралы нақты деректер жоқ. 

Рубрика: