Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполис тіршілігін қалпына келтіру бойынша жұмыстардың барысын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Супермаркеттердің біріне барған әкім тауарлар ассортиментін және дүкендерде азық-түлік қоймаларының болуын қарап шыққан. «Бүгінгі күні қала азық-түлік тауарларымен және бірінші қажеттіліктегі тауарлармен жеткілікті көлемде қамтамасыз етілген. Алаңдауға негіз жоқ», — дейді Сағынтаев. Қазіргі уақытта Алматыда 77 супермаркет жұмысын қайта бастаған.

Соның ішінде 39-ы – «Magnum» дүкендер желісі, 9 – «Small», 1 –»Тоймарт». Сонымен қатар үш ірі азық-түлік базары жұмыс істеп тұр. Олар: «Барыс», «Алматы 1», «Арыстан». Сондай-ақ мегаполисте 44 жанар-жағармай құю бекетінің қызметі жанданған, тағы 25-і жұмысын бастауға дайындық жүргізіп жатыр. Одан бөлек, 111 дәріхана жұмыс істеп тұр. Олардың ішінде 107-сі сағат 08.00 – 19.00 аралығында ашық болады. 4 дәріхана тәулік бойы жұмыс істейді. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін сауда және интеграция министрлігі ел өңірлеріндегі азық-түлік базарларының жұмыс кестесін жариялаған болатын. 

 

Рубрика: