Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Актер Алмат Сақатов Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде не қиынға соққаннын айтты. Өнер иесі үш күн бойы бүлікшілер ойына келгенін істеді, деп ашынды. Сақатов қиын күндері немересін ойнату үшін далаға балта алып шыққанын айтып күйінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Маған қиын болғаны, кішкентай немерем үйдің маңайында қыдырады. Апармайын десең, түсінбейді. Мен өмірімде бірінші рет өз туған жерімде, Қазақстанның ең мықты қаласының ортасында немеремнің арбасына балта салып алып шықтым. Балтаны қолыма ұстап, қыдыртуға алып шықтым баланы», — деді актер. 

Бұдан өзге, Сақатов болған жағдайдан кейін елімізге мықты әскер керек екенін баса айтты. 

«Еліміз мықты!!Жеріміз байтақ, тек есі дұрыс Ер қажет екен! Президентіміз шынайы түсінген шығар. Елді қорғау үшін мықты әскер қажет! 18-ге толған әр қазақ жігіті әскерге бару керек! Және екі жыл әскер қатарында отан алдындағы борышын орындау керек», — деп жазды ол.

 

Рубрика: