Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Отандық танымал әнші Алтынай Жорабаева күйеуін отан қорғаушылар күнімен құттықтап, оған деген әсерлі тілегін жолдады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі жолдасына арнаған жазбасын Instagram парақшасында жариялаған.

Ол сүйіктісіне деген сезімін білдіріп, өз алғысын да айтты. Әнші отағасының бүгінде қыздарына қамқор әке болып, оларды барынша қорғап жүргенін алға тартты.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Алтынай Жорабаева (@altynaizhorabayeva)

«23 ақпан кеңес үкіметі кезінде отан қорғаушылар күні болды. Қазір өз елімізде 7 мамырды тойлаймыз. Алайда, кеңестік кезеңде әскерге барған азаматтар үшін, бұл күн ерекше, ыстық болады. Ардақты ер азаматтар, сіздерді шын жүректен құттықтаймыз. Әсіресе, өзімнің азаматым, Әлішерім сені мерекеңмен құттықтаймын. Отанды қорғау отбасына тірек, қорған болудан басталатын болса, онда сенің борышың адал. Маған сүйеу болар , сүйікті азамат деген ұғымды түсіндірдің. Қыздарыма қамқор әкесің, Алладан кейінгі қорғанымызсың. Біздің бағымызға сені берген ғой. Бақытымызға бар бол, қасымда бол асыл ерім», — деп жазды әртіс.

kaz.nur.kz

 

Рубрика: