Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Алматы қаласы Алмалы ауданының мониторингтік тобы Әлия Назарбаеваның «Место силы» кітабының тұсаукесерінде көп адмның жиналуы фактісі бойынша әлі материал берген жоқ. Алматы COVID-19 таралуы бойынша «қызыл» аймақта болғанына қарамастан Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында (ГАТОБ) өткен шараға ондаған адам келді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Оқи отырыңыз

Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрындағы жаппай шара туралы әлі ақпарат жоқ екенін айтты.

– Алмалы ауданының мониторингтік тобының материалдары келмеді, – деп түсіндірді 24 қыркүйекте ДСЭК орынбасары Сәдуақас Байғабұлов.

Айта кетсек, 22 қыркүйекте Алмалы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрындағы іс-шара бойынша материалдар жинауды тапсырған мониторингтік топтың жұмысына қатысты жауап беруге уәде берді. Бірақ еш жауап болмады.

Әлия Назарбаеваның тұсаукесер кеші жазасыз қалды

Қатысушылардың айтуынша, кеште Әлия Назарбаеваның кітабының тұсаукесері өткен. Желіде оның суреттері мен видеолары таралды. Актриса Альмира Тұрсынның айтуынша, Максим Галкин үлкен аудиторияны қызықтыра алған. Кеште режиссер Ақан Сатаев, актер Санжар Мәди көрінді.

Әлия Назарбаеваның тұсаукесер кеші жазасыз қалды

Сондай-ақ, бейнежазбаға сәйкес, элиталық кездесуге қатысушылардың арасында кәсіпкер Айдын Рахымбаев пен қазақстандық Forbes журналының иесі Арманжан Байтасов болды.

Әлия Назарбаеваның тұсаукесер кеші жазасыз қалды

Кеш өткен Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театры «театр тарапынан барлық нормалар сақталды» деп мәлімдеді.

 
 

Рубрика: