Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Әлішер Кәрімов — екінші кезеңге өткен үшінші қазақстандық әнші.

Қазақстандық әнші Әлішер Кәрімов «Ресей дауысы» шоуына қатысты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әлішер Кәрімов көрмей тыңдау кезеңінде Шарль Азнавур мен Жорж Гарваренцтің «Мәңгілік махаббат» әнін орындады. Оған тәлімгер Александр Градский бұрылған.

Әнші Пелагея да Әлішерге бірден бұрылғысы келгенін айтты.

«Бұрылғым келді, бірақ жоғарғы ноталарды тыңдайын дедім», — деді әнші.

Айта кетейік, Әлішер Кәрімов — екінші кезеңге өткен үшінші қазақстандық әнші.

Бұған дейін 26 жастағы қазақстандық Ернар Сәдірбаев «Дауыс» шоуына қатысып, төрт тәлімгерді де өзіне қаратқан болатын.

Сондай-ақ, қазақстандық Әділхан Макин қазылар алқасы мүшелерін өнерімен қуантып, тәлімгер Александр Градский командасына мүше болды.

Рубрика: