АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алғашқы сапарын Қазақстаннан бастамақ болған Жапаров Тоқаевты «лақтырып кетті»[:]

[:kz]

 

 

Ол барлық қырғызстандықтар Ресейсіз өте қиын болатынын білетінін, өйткені экономикалық, геосаяси тұрғыда Ресей – елдің басты одақтасы және серіктесі екенін мәлімдеген.

Қырғыз көшбасшысы Ресей тарапымен табиғи газ бағасын төмендету мәселесін талқыламақ, деп хабарлады paryz.kz.

Айта кетсек, Садыр Жапаров президенттік қызметін Қырғызстанда орыс тілінің ресми мәртебесі сақталатынын жариялаумен бастап еді. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін де Ресей Қырғызстанның «одақтас, жақын серіктесіне» айналғанын, екі ел арасында бауырластық қарым-қатынас орнағанын, сондықтан Ресеймен арадағы жоғары дипломатиялық қатынастар жалғасатынын айтқан болатын. Сонымен қатар «барлық қырғызстандықтар Ресейсіз өте қиын болатынын білетінін, өйткені экономикалық, геосаяси тұрғыда Ресей – елдің басты одақтасы және серіктесі» екенін мәлімдеген.

Енді міне, алғашқы іссапарын да Ресейден бастамақ. Жапаровтың Ресейге аттанатыны туралы Парламенттің аграрлық саясат, экология және су ресурстары комитетінің отырысында белгілі болды.

«Садыр Жапаров алғашқы сапарын Ресейден бастауға ниетті», — деді вице-премьер Равшан Сабиров.

 

Оның айтуынша, сапар барысында қырғыз көшбасшысы Ресей тарапымен табиғи газ бағасын төмендету мәселесін талқыламақ.

 

paryz.kz.

 

[:]