Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

«Әлемдегі ең күшті бай». Екінші рет тұрмыс құрған Алтынай Жорабаева қазіргі жары Әлішерді осылай деп бағалады. Сөзінше, өмірлік жолдасы оны себепсіз қызғанбайды, еркіндігіне шектеу қоймайды. Онымен қоса, көңіл күйінің дұрыс болуы үшін бар жағдайды жасайды екен, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жорабаева күйеуімен арадағы диалогты жария етті. Жұбайлардың жазғандарына қарап, олардың отбасында түсініктік пен махаббат үйлесім тапқанын байқауға болады. Ал мұны бұрыс түсінген кей желі қолданушылары Алтынай мен Әлішердің арасына іріткі салуға тырысқан.

«Алтынай: Жааан?

Алишер: Ау, жаным?

Алтынай: Өткенде сен мені 2 күнге саңырауқұлақ жинауға жібердің ғой? Сол кезде тікелей эфирге шығып, сенің сондай мейірімді, “миды ағызбайтыныңды”, бет алды қызғанбайтыныңды айтып отырсам, біраз адамдар «оооой, ол өзі гулять етейін деген ғой сені жіберіп алып» дейді.

Алишер: Әркім өз ойынан хабар береді. Сонда бір-бірімізге деген сенім қайда қалды? АЛЛАНЫҢ алдында қиылған АҚ НЕКЕМІЗ, уәдеміз қайда қалды? Махаббатымыз қайда қалды? Гулять етіп, Алла қосқан жарыңды алдағанымен, оның “жемісін” бәрібір көрсетеді. Себебі, АЛЛА ӘДІЛ. Ондай сөздерге мән берме.

Алтынай: Жаааным. Әлемдегі ең күшті БАЙ.

Алишер: Рахмет жаным. Ал сен мен үшін әлемдегі ең жақсы Жарсың. Сенің қуанғаныңды көріп, мен бақытты боламын. Ана бақытты болса, балалар да бақытты ғой. Оның үстіне, сен халықтың алдында жүрген соң, көңіл күйің жақсы болып жүруің керек.

Алтынай: Үйдің атмосферасы әйелге байланысты дегенге не дейсің? Бәрі неге әйелге байланысты?

Алишер: Әйелдің көңіл күйі дұрыс болып, жақсы атмосфера сыйлау үшін, ер азаматтың дұрыс көңіл бөлуі тиіс. Бәрін әйел адамнан талап етуге келіспеймін.

Алтынай: Мысалы?

Алишер: Жаным, жақсы көремін, сенің менің өмірімде болғаның үшін Аллаға шүкір деп, анда-санда гүл сыйлап, кішігірім сыйлықтар жасап тұру керек.

Алтынай: Кейбір адамдардың түсінігінде “гүл алғанша, оның орнына үйге зат алу керек. Ол солып қалады. Болмайтын нәрсеге ақша жұмсап” дейді.

Алишер: Міне, осы жерде қате түсінік басталды. Яғни өзінің энергиясына блок қойды. Керісінше, жақсы нәрсеге талпынып, ниетін қуанышты сәттерге бағыттап, әрекет жасаса, АЛЛА СӨЗСІЗ БЕРЕДІ ҒОЙ. Гүл сол үшін жаратылды ғой, қуанышқа сыйлау үшін. Жоқ, жоқ! Ақша жоқ дей берсең, әрине Алла бермейді.

Алтынай: Иә! Дұрыс айтасың. Ақылдым менің. Қамқоршым менің.
Шынында да , өміріміз – біздің таңдауымыз. Таңдау еркіндігін Алла адамға берген екен. Шешімді адам қабылдайды. Алла ары қарай біздің шешімімізге, әрекетімізге, ниетімізге жағдай жасайды», – деп жазды Жорабаева.
 

Рубрика: