Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

“Алматы Су” мекемесінің басшылары өсіп тұрған егінді таптап тастады. Бұл туралы Жалғас Ниязбек есімді азамат тик-ток желісіне жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бейнежазбада өзін Қауіпсіздік департаментінің басшысы Тұрсынов Марат деп таныстырған азамат егінде жұмыс істеп жүрген қызметкерге “өсіп тұрған егінді тегістеп тастаңыз” деп бұйырады. Айтуынша, жер “Алматы Су” мекемесіне тиесілі екен.

Алайда пісіп тұрған егінді таптаған видео көптің наразлығын тудырды. Кәсіпкер Сырымбек Тау Instagram парақшасына жариялап, пікірін де білдірді.

“Мынау сұмдық енді! Бұндай заттарды салмаушы едім. Әлемде нан тапшы болайын деп жатыр! Ал біз таптаймыз. Шаш ал десе бас алады мұндай дікектеген адамдар мемлекеттік қызметте болмау керек! Екі жақты шешімін тауып 5 күн күту керек еді. Бұл құрлыс емес егін!”, деп жазды Сырымбек Тау.

Видеоны Telegram арнамыздан көре аласыз.

”Адырна” ұлттық порталы

Рубрика: