Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Белгілі блогер Дәулет Төлеутайұлының атын пайдаланған алаяқтар сан соқтырып кетті. Блогердің оқырманы ақшасын алаяқтарға аударып, сан алданып қалды. Мұны білген Дәулет Мұқаев көпшілікке ескерту айтты. 

“Мына алаяқ ісі полицияға кетті. Назым есімді оқырманым алданды!!! Менің атымнан Дәулет болып сөйлесіпті. Одан қалса кезексіз үй алып беремін деп 500 мың теңге аудартыпты. Жеке кеңеске деп тағы 46 мың алған. Артынша тағы 500 мың мен қоса 100 мың алған. Жиыны 1.146.000 теңге. Онымен қоймай, менің әркетімді желіден аңдып, әлі симкасы салынбаған Айфон 13-пен жазып отырмын деп, адам сеніміне кіріп отыр!!! Ана оқырман болса, телефон құтты болсын деп жазған”, – деді Дәулет Төлеутайұлы. 

 

Блогер оқырманына ескерту айтып, сақтануға шақырды. Қомақты қаражатты көзі жетпей тұрып ешкімге аудармау керек екенін айтты. Өзінің оқырманмен жеке WhatsApp арқылы сөйлеспейтінін ескертіп жатыр.

“Бұл алаяқтармен ары қарай заңгер айналысады. Заңгеріме сенімхат жазып бердім. Себебі сот жүруге уақытым жоқ!!! Ескертемін. Мен оқырманмен WhatsApp арқылы сөйлеспеймін. Олай алданбаңыздар”, – деді блогер.

Желі қолданушылары таңғала, өз пікірін жазып жатыр.  

“Алла сақтасын! Құдайдан қорықпағаннан қорық деген”, – деді Сара Тоқтамысқызы.

“Халық та қызық-ау, көзін жеткізіп барып салмай ма адам ақшаны? Қалай бірден сала береді, таңым бар”, «Дәулет «Ұйықтамайсың ба?» деп неге сұрайды?» деп ойламай ма?”, “Телефоныңыз құтты болсын деп қойыпты. Әй, сорлы қазақ-ай, алданасыңдар да жүресіңдер”, “Үйлі болып қалатын болдым деп анадан мынадан қарыз алып тауып берді-ау мына кісі. Қиын болған екен. Ақшаларын қайтарып алсын деген тілек енді бізде”, Адамдар не деген аңқау?!”, “Енді заңмен жазалансын”, – деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, Дәулет Төлеутайұлы баспана алудың жеңіл жолдарын нұсқайды. Сарапшы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі (ТҚЖБ) және басқа да әртүрлі ипотекалық бағдарламаларды салыстыра отырып, баспананы қай уақытта, қалай алуға болатындығын кеңес етіп жүр.

Рубрика: