Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Айтыскер ақын Ринат Зайытов орыс тілінде алғаш рет үндеу жасап, Ресейдің империяшыл шовинист саясаткерлеріне қатысты пікір айтты, деп жазды turkystan.kz.

«Ал енді мен орысша сөйлейін. Қателік болса, айып етпеңіздер, өмірімде алғаш рет қоғам алдында орыс тілінде сөйлеуге мәжбүрмін. Жириновский, Никонов секілді жартылай сауатты саясаткерлер, мен сендерге өз тілдеріңде үндеу жасаймын. Себебі, сендер қазақтың бай әрі  шұрайлы тілін түсіне алмайсыңдар. Сендер әртүрлі амалдар арқылы біздің бірлігімізді бұзып, тәуелсіздігімізге зиян тигізгілерің келеді. Бірақ бәрі түсінікті. Ашығын айтсам, мен сендерді аяймын. Қазақстан тек көпұлтты мемлекет қана емес, елімізде өмір сүретін 100-ден астам этнос өкілдері бізге дос болып қана қоймай, туысымызға айналды. Сондықтан қолдарыңнан ештеңе де келмейді», – деді ақын.

 
 
 
 

Рубрика: