Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Ақтөбеде еріген қар суына толы арықта қыз батып кете жаздады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Агенттіктің мәліметінше, оқиға 31 наурызда «Арбат» тұрғын үй кешенінің маңындағы «Батыс-2» шағын ауданында болған.

Сол жердегі су толы арықтардың біріне кәмелет жасына толмаған қыз құлап кеткен. Абырой болғанда мұны сол маңайдағы адамдар байқап қалып, қызды құтқарып қалған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желде тарады. Видеодан қолын судан шығарып жатқан қызға жол-жөнекей өтіп бара жатқан әйелдің көмектесу үшін өзгелерді көмекке шақырып жатқанын байқауға болады.

Суға құлап кеткен қыз құбырға кіріп кетуге шақ қалған. Жедел жеткен ер адамдар оған дер кезінде көмекке келіп, оны әрең шығарып алған, шамасы қыз құбырға ілініп қалған көрінеді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Газета Диапазон Актобе (@gazeta_diapazon)

Қазақпараттың жазуынша, кейбір ата-аналар қазірдің өзінде су тасқынынан балаларын мектепке жалғыз жіберуге қорқып отыр. Айта кетейік, бұған дейін Атырау облысында Ноғайты өзені арнасынан асып, Сағыз ауылының тұрғындарын әбігерге салған еді. Су деңгейі шамамен 3 метрге көтерілген.

Салдарынан ауылды су басып, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілген болатын.

kaz.nur.kz

 

Рубрика: