Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Ақтөбеде әйелдің тырнағына Z әрпін бейнелеген маникюр шеберінің әрекетін желі қолданылушылары сынға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Instagram-дағы aktobe_online парақшасына жарияланды

Парақшада «Ақтөбелік маникюр» деген бірнеше сурет жарияланды. Онда әйел адамның тырнағы Ресей туына ұқсас боялған және Z әрпі бейнеленген.

Ал екінші суретте тырнақ әрлеушінің жазбасы жазылыпты. Онда пікір білдірген тұрғын салон өкіліне «бұл суретті алып тастағаныңыз жөн» деп жазған. Ал парақша иесі «Бұл менің пікірім емес. Жай ғана клиенттің маникюрі» депті. Сонымен қатар, бұл суретті өзге туындылары сияқты жариялағанын, клиентке қандай маникюр жасау керек екенін айтуға құқы жоқ екенін жазған.

Көпшілік «Бұл белгінің не екенін білесіз бе?», «Намысыңыз қайда? 5-6 мың үшін осындай опасыздықа барып керек емес» деген пікірлер жазған.

Алайда әрлеуші бұл клиенттің таңдауы екенін, өзінің ешкімді қолдамайтынын, бейбіт, көп ұлтты елде өмір сүріп жатқанын айтқан.

Рубрика: