Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Ақтөбеде су тасқыны кезінде еріген қар суы жиналатын арыққа батып кете жаздаған оқушы қызды құтқарып қалған ер адамдар марапатталды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті Instagram парақшасында хабарлады  kaz.nur.kz ке сілтеме жасаған  altyn-orda.kz/

Ведомствоның хабарлауынша, кәмелет жасына толмаған қызды аман алып қалған фитнес клубтың жаттықтырушылары мен күзетшіге Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Юрий Ильиннің алғыс хаты мен ақшалай сыйлық берілген.

Фото: instagram.com/aqtobe_tjd

Осы ретте, «Диапазон» басылымы ерлік жасағандардың аты-жөні Ерболат Күлжігітов, Евгений Зелевский, Альберт Дедусев, Юрий Лысенко, Алексей Ступенко екенін хабарлады.

Фото: instagram.com/aqtobe_tjd

Айта кетейік, оқиға 31 наурызда «Арбат» тұрғын үй кешенінің маңындағы «Батыс-2» шағын ауданында болған еді.

Фото: instagram.com/aqtobe_tjd

Сол жердегі су толы арықтардың біріне кәмелет жасына толмаған қыз құлап кеткен. Абырой болғанда мұны сол маңайдағы адамдар байқап қалып, қызды құтқарып қалған болатын.

 

Фото: instagram.com/aqtobe_tjd

 

Кейінірек, фитнес жаттықтырушылары оқиғаның қалай болғанын баяндап, судың ағысы қатты болғаны соншалықты қызды шығарып алу қиын болғанын айтты.

kaz.nur.kz

 

Рубрика: