АЛТЫНОРДА
ЖаңалықтарҚоғам

[:kz]Ақтаудағы мектепте оқушыларды тоқ соққан[:]

[:kz]

Ақтаудағы мектепде баспалдақтан түсіп келе жатқан оқушыларды тоқ соққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі InAktau.kz порталына сілтеме жасап. 

Оқиға 4 қыркүйекте орын алған. Екі бесінші сынып оқушылары қол ұстасып, баспалдақтан түсіп келе жатқан. Балалардың бірі баспалдақтың тұтқасынан ұстаған сәтте оларды тоқ соққан. 

 

Мектеп директорының айтуынша, тоқ қуаты қатты болмаған. 

”Үстіне синтетикалық киім кигенде немесе көліктің есіктің ұстаған кезде тоқ соғады ғой, міне, сондай жағдай орын алған. Балалар қорқып кетіп, кезекші мұғалімге айтқан. Біз дереу оқиға болған жерге бардық”, – дейді мектеп директоры Зарета Фаталиева. 

Сөзінше, баспалдақтағы тоқ қуатын тексеру үшін арнайы маман да шақыртылған. Қазіргі таңда балалардың бұл баспалдақ өткелімен жүруі шектеліпті. 

Зардап шеккен балаларды ауруханаға алып барған. Бір сағат дәрігер бақылауынан кейін олар үйлерінен қайтарылыпты. Ақ халаттылар оқушылардың денсаулығына зиян келмегенін жеткізіпті. 

Өз кезегінде тоқтың неден соққаны анықталыпты. Электрик маманның сөзінше, тоқ жарық шамдарынан соғуы мүмкін. Алдағы уақытта ұқсас жағдай қайталанбас үшін баспалдақтағы жарық шамдары алыныпты. 

Еске салсақ, бұған дейін Қарағанды облысында  балалар алаңында ойнап жүрген бүлдіршінді тоқ соққаны айтылған еді. 

[:]