Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Бұл туралы «НеМолчиКз» қоры хабарлайды, — деп жазады Caravan.kz медиа порталы.

Қыздың анасы қызына бірдеңе болып жүргенін байқаған кейін шындықты білген. 

«НеМолчиКз» қорына қыздың анасы да хабарласып көмек беруін сұраған. Оның айтуынша, 19 жастағы жаттықтырушы кішкентай қызға қатысты бірнеше рет жыныстық зорлық-зомбылық әрекеттерін және жаттығу кезінде азғындық әрекеттерді жасаған.

«Қызға ата-анасына айтпауға үйретіп қойған. Бұл олардың құпиясы, сыры деген сияқты айтқан. 5 жасар қыз соның айтқанын екі етпеген», — дейді Дина Смаилова.

5 жасар қыз 2021-ден бері орталыққа барып жүргені белгілі болды. Қыздың ата-анасы бұл 3-4 айдай жалғасқан деп болжап отыр.

«Бұл 2021 қыркүйегінен бастап балаларды жаттықтыратын 18 жастағы ашихара каратэден әлем чемпионы туралы. Балалар мен ата-аналар бұл жаттықтырушыны өте жақсы көреді, ол бәрін балалар оған толықтай сенетіндей етіп ұйымдастыра алды», — дейді дереккөз

Рубрика: