Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Ақтау қаласының 15-шағын ауданында құны 4 560 415 теңгені құрайтын «Трио әткеншегі» атты сәулет нысаны орнатылды. Қала әкімдігінің ақпаратына сүйенген Lada.kz басылымы нысанға бюджеттен 4,5 млн теңгеден аса қаражат жұмсалғанын хабарлады. Әткеншекті орнатумен «Clever media group» компаниясы айналысқан.

«Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ мен «Clever media group» ЖШС арасында Ақтау қаласын көркемдеп жарықтандыру бойынша жұмыстарды жүргізуге 16.09.2021 жылғы №77 шарт жасалды. Шарттың құны ҚҚС — сыз 38 742 415 теңгені, ҚҚС-мен 43 391 504,80 теңгені құрайды», — деп хабарлады әкімдіктен. Шарт талаптарында мердігер бірнеше объектіні орнатуға тиіс екені жазылған, атап айтқанда: «Жұлдызды аспан» декоративтік жарықтандыру инсталляциясы (ұзындығы — 50 метр) — 13,2 млн теңге; «Гүл алаңы» декоративтік жарықтандыру инсталляциясы (200 шаршы метр) — 15,4 млн теңге; «Трио әткеншегі» декоративтік кіші сәулет нысаны — 4 560 415 теңге; «Қазіргі заманғы киіз үй» декоративтік кіші сәулет нысаны — 5 578 000 теңге.\

Әкімдікте жұмыстар әлі де жүргізіліп жатқанын және оларды ағымдағы жылдың 20 қазанына дейін аяқтау жоспарланғанын атап өтті.

kaz.nur.kz

 

Рубрика: