Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Ақтау тұрғыны бір ай бойы тыныс жолдарында тұрып қалған сүйекпен өмір сүрген деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ақтау қаласының 49 жастағы тұрғыны қатты жөтел мен қан аралас қақырықтың пайда болғанына шағымданған. Қаланың бір клиникасында жасалған рентген тыныс жолдарында бөгде заттың барын көрсетпеді деп хабарлайды Lada.kz. «Бір қызығы Жаңаөзен қаласында жасалған рентгенде бронх тармақтарының арасындағы сүйек көрінбеген. Ал әйелді қатты жөтел мен қан аралас қақырық мазалай түскен», – дейді дәрігерлер. Көлемі 4 сантиметр қойдың сүйегі әйелдің бронх тармақтарынан 3 минут ішінде алынды. Ол тыныс жолдарында 30 күндей тұрған.

kaz.nur.kz

 

Рубрика: