Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Ақтау тұрғындары қаланы көркейту мен туристерді тарту мақсатында орнатылған «Гүл алаңына» шағымданып жатыр. Олар қызғалдақтардың құлап жатқанын айтып, жұмыс сапасына наразылық білдірді. Журналистер гүл алаңын 24 қазан күні суретке түсірген деп жазады Lada.kz. Фотолардан қызғалдақтардың майысып тұрғанын, тіпті, кейбірі құлап жатқанын аңғаруға болады.

Фото: Рашид Исмагилов/Lada.kz

Суреттен жасанды газонның қисық орнатылғанын байқау да қиын емес. Фото: Рашид Исмагилов/Lada.kz Ал электр сымдары оқшауланбаған және көгалда жатыр. Айта кетейік, осыған дейін Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ мен «Clever media group» ЖШС арасында Ақтау қаласын көркемдеп жарықтандыру бойынша шарт жасалғанын жазған едік.

Шарт талаптарында мердігер бірнеше объектіні орнатуға тиіс екені жазылған, атап айтқанда: «Жұлдызды аспан» декоративтік жарықтандыру инсталляциясы (ұзындығы — 50 метр) — 13,2 млн теңге; «Гүл алаңы» декоративтік жарықтандыру инсталляциясы (200 шаршы метр) — 15,4 млн теңге; «Трио әткеншегі» декоративтік кіші сәулет нысаны — 4 560 415 теңге; «Қазіргі заманғы киіз үй» декоративтік кіші сәулет нысаны — 5 578 000 теңге.

Әкімдік жұмыстарды ағымдағы жылдың 20 қазанына дейін аяқтайтынын хабарлаған болатын.

/kaz.nur.kz

 

Рубрика: