Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

АҚШ-тың бірінші ханымы Джилл Байден 8 мамырда Украинаға жоспардан тыс сапармен барды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Euronews басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, АҚШ президенті Джо Байденнің әйелі күтпеген жерден Украинаға келіп, елдің батысындағы Ужгород қаласына барған.

Ал мұның алдында ол Румыния мен Словакияда болған көрінеді. Ужгород қаласында Джилл Байден Украина президентінің жұбайы Елена Зеленскаямен жеке кездескен. Әңгіме барысында Джилл Байден Украинаға «Аналар күнінде» келгісі келгенін айтқан. Сондай-ақ ол «украин халқына бұл соғысты тоқтату керектігін, оның қорқынышты екенін және АҚШ халқы Украина халқымен бірге екенін көрсетуді маңызды деп санайтынын» атап өткен. Байден Украина аумағында екі сағатқа жуық уақыт болып, содан кейін Словакияға оралған. Одан бөлек дәл сол күні Украинаға жоспардан тыс сапармен Канада премьер-министрі Джастин Трюдо да келгені белгілі болды. Ол Киев облысының Ирпень облысына келген. Канада басшысын қарсы алған қала мэрі шаһардың инфрақұрылымын қалпына келтіруде Канаданың көмегіне үміт артып отырғанын мәлімдеген.

kaz.nur.kz

 

Рубрика: