Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Әлеуметтік желіде Ұлытау облысында жазушы, әдебиет зерттеушісі, этнограф Ақселеу Сейдімбекке қойылған ескерткіш қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

Ескерткіштің пошымын сынап жатқандар көп. «Мынаның аяғын да, таяғын да жеп қойған ба» деп әзілдейді әлеуметтік желі қолданушылары. «Художник емес, хулиг.ан салған ғой» дейді тағы бірі.

Әкімдік әзірге бұл сындарға жауап берген жоқ.

Ақселеу Сланұлы Сейдімбек (12 желтоқсан 1942, Атасу ауылы, Жаңаарқа ауданы, Қарағанды облысы — 16 қыркүйек 2009 жыл, Астана)- жазушы, әдебиет зерттеуші, ғалым, филология ғылымының докторы (1998), профессор (2003). Қазақтың әдебиеті мен тарихына еңбегі сіңген тұлға.

Ақселеу Сейдімбек 2009 жылдың 16 қыркүйек күні Астана қаласында қайтыс болды. Жазушының өсиеті бойынша, Ақселеу Сейдімбек Жаңаарқа ауданының орталығы Атасу кентінің іргесіндегі Қарауылтөбеге жерленген.

Рубрика: