Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Осыдан екі жыл бұрын отбасын құрған әнші Қайрат Түнтеков алғаш рет қызын көрсетті. Екеуінің суреті желіде тарады, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Сурет Instagram-дағы Qaz.stars парақшасында жарияланды. Бұған дейін әнші баласының суретін еш жерге жарияламай, көрермендерден тасада ұстауға тырысатын. Жақында Қайрат халықтан жасырып келген қызын көрсетуді жөн санады. Әкесі мен қызының суретін көрген желі қолданушылары оларға жақсылық тілеп жатты.

Әкесіне ұқсаған екен. Әкесіне ұқсаған қыз бақытты болады,

— деп жазды желі қолданушылары.

Әнші осыдан екі жыл бұрын үйленген. Бірақ өнер иесі жеке өмірін үнемі құпия ұстайды.

Рубрика: