Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Ақтөбелік полицейлер Айдын Ырзалиев пен Вероника Супрун жақында ғана шаңырақ көтерді. Жас жұбайлар үш жыл бұрын танысқан. Қазақ тілінде еркін сөйлеп, салт-дәстүрді меңгеріп алған Вероника KAZ.NUR.KZ тілшісіне қызықты өмірі туралы айтып берді.

«Қазақтың келіні болу маңдайыма жазылғандай. Анам — орыс, әкем — украин. Төрт бауырым да орыс мектебін бітірді. Үйде мен ғана мектепті қазақша оқыдым. Қазір еркін сөйлеймін. Бағым шығар, қазақтың келінімін. Барлық салтты білемін. Ұлттық тағамдарды істей аламын. Басыма орамалымды тартып, келіндік қызметімді атқарып, сәлем салып жүрмін», — дейді Вероника Супрун. Жас келіншек 2019 жылдан бастап ішкі істер саласында жұмыс істейді.

Ал жолдасы Айдын Ырзалиев – полиция инспекторы, Қызылорда облысы Арал ауданының тумасы.

kaz.nur.kz

 

Рубрика: