Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Жүктілігін жария еткен Айсәуле Бақытбек гендер-пати жасады. Ол сәбиінің жынысын көпшілікке айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Айсәуле атаулы күнге екі жақтың ата-аналары мен жақын достарын шақырған. Кешті шоумен Мұрат Мұтырғанов жүргізген. 

 

Бақытбекқызы кешті испан стилінде безендірген. Қыз не ұл деген жазудың өзін испан тілінде жаздырған. Бұл қылығын бикеш былай түсіндірді:  «Менің күйеуім испан тілін жақсы біледі және «Реал» футбол клубының жанкүйері. Бар хикая осы».


Кеш қонақтары УДЗ-ның жауабын білгенге дейін өз нұсқаларын айтып, тіпті бәске ақша тікті. Меймандар жасаған болжамдарына сай, алқызыл және көгілдір түсті киім киіп келген. Бұл да Айсәуленің ойлап тапқан дресс-коды. Баян Алагөзова жиен немересі ұл болады деп, ал Айсәуленің енесі қыз болады деп күткен.

Кештің қалай өткенін көрсеткен Айсәуле көп ұзамай қызды болатынын жариялады.

«Әкең мен анаң сені күтеді. Балақай», – деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, 2018 жылы тұрмыс құрған Айсәуле жақында жүкті екенін хабарлаған еді. Одан кейін, танымал бикеш 2 жыл бала көтермей жүруінің себебін айтты. Енесі Айсәуленің аяғы ауыр екенін білген соң, ұлы Әлішер мен олардың достарын вакцина алуға мәжбүрлеген.

Рубрика: