Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Айнұр Тұрсынбаева ұлы Бекланның тойын Стамбұлдың төрінде дүркіретіп өткізді. Ақынның Түркияда жасаған тойына қазақ шоу-бизнесінің әртістері түгел жиналды. Тұрсынбаева тойға келген қонақтарына сый ретінде бриллиант таратты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тойдан бұрын беташар, салтанатты неке қию рәсімі өтті. Жас келіннің бетін ақын Жандарбек Бұлғақов ашты.

Ал екі жастың некесін әнші Алтынай Жорабаева қиды.

Одан кейін Стамбұлдың қонақ үйлерінің бірінде үлкен той тойланды. Оған Қазақстаның шоу-бизнес әртістері түгел жиналды. 

Қыдырәлі мен Қарақат, Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Бесбаев, Қайрат Нұртас пен Гүлзира Айдарбекова, Ерке Есмахан, Алтынай Жорабаева, Ерлан Көкеев, Тұрсынбек Қабатов және тағы да басқа көптеген жұлдыздар Тұрсынбаеваның қуанышына ортақтасты. Сондай-ақ, ресейлік танымал әнші Авраам Руссо тойдың қадірлі қонағы болды.

Той барысында Айнұр Тұрсынбаева келініне арнап ән орындады. Одан бөлек, еліміздің хитмендері тойды нағыз концертке айналдырды. 
Айтыскер ақын тойда белсенді болып, байқауларға қатысқан қонақтарға бриллиант таратты.

Ал қалыңдық гүлін Тұрсынбаеваның қызы Айдана ұстап алды. Айтыскер ендігі той қызымның тойы болады деп үміттеніп қалды. 
 
 
 

 

Рубрика: