Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Алматыдағы жер үйде болған атыста қаза тапқан учаскелік инспектор Нұрбол Байғазиев туралы әріптесі айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Aibat ақпараттық қызметіне пікір білдірген Жеңісбек Сыдықтың айтуынша, Ақбұлақ ықшамауданындағы учаске Дархан Сүлеевтің бақылауында болған, ал Нұрбол Байғазиев тек әріптесіне көмектесуге барған, себебі бұрын сол аумаққа жауапты болған.

 

Мұндай шақырылымның соңы қайғыға ұласатынын кім білген дейді марқұмның әріптесі.

«Сүлеев Дархан бұл қызметке бір ай бұрын келген. Ол УБН департаментінен ауысты. Ақпарат түскенде барлық учаскелік инспектор сол жерге кетті. Нұрбол бұл учаскені білгендіктен, көмектесуге кетті. Ол ашық жүзді адам еді», – деді Жеңісбек Сыдық.

Жеңісбек Сыдықтың айтуынша, Нұрбол Байғазиев өте қарапайым өмір сүрген, жалдамалы пәтерде тұрған, оның кәмелетке толмаған екі баласы артында қалған. Сондай-ақ жақында марқұмның әйелі инсульт алды.

Еске салсақ, 20 қыркүйек күні Алматының Алатау ауданындағы Ақбұлақ ықшам ауданында бес адамның өлтірілгені туралы белгілі болған. Ресми деректерге сүйенсек, сот шешімін орындаушылар екі адамның меншік құқығына қатысты дауға байланысты күдіктінің үйіне келген. Сот шешімін естіген азамат үйінен  қару алып шығып, сот орындаушысына, учаскелік полиция инспекторларына және аулада болған басқа адамдарға қарудан оқ жаудырды. Нәтижесінде бес адам көз жұмған. Оның ішінде үйдің жаңа иесі мен тағы бір тұрғын бар.

21 қыркүйекке қараған түні Республикалық жеке сот орындаушылар палатасы жаппай кісі өлтіру болған Алматыдағы үйден бір отбасын шығару жағдайында атқарушылық өндіріс екі жеке тұлғаның дауы болып табылатынын мәлімдеген

Рубрика: