Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Айгүл дәл қазір Тайландтың ең қымбат аралы — Пхукетте демалып жатыр. Алайда әнші бұл елге кіммен барғанын ашып айтпады.

Танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева теңіз жағасында жартылай жалаңаш тұрған суретін жариялап, елді шулатты, деп хабарлайды Экспресс К.  

Иманбаева сол фотосын Instagram-дағы парақшасында жариялады. Онда актриса теңіз жағасындағы құмда суға түсуге арналған іш киіммен тұр.

Өнер иесі шет елге сапар шеккелі бері жеке өміріндегі оқиғаларды күнделікке жазуды әдетке айналдырыпты. Айгүл дәл қазір Тайландтың ең қымбат аралы — Пхукетте демалып жатыр. Алайда әнші бұл елге кіммен барғанын ашып айтпады.

Күнделік бастадым. Бүкіл ішкі әлемімді сонда жазамын, — дейді Айгүл Иманбаева.

Актрисаның бұл әрекетін көрген желі қолданушылары оны сынап тастады.

«Неге барлық әншілер бір жерін ашып кеткен?», «Күнделікті қайтесіз? Одан да тізеңізден төмен киім кисеңізші», «Грим болмаса әдемі емес екенсіздер», — деп жазды желі оқырмандары.

Рубрика: