Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Белгілі түрік актері Бурак Озчивит төрт жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы. Белгілі болғандай, танымал актерге түсірілім кезінде 4 адамға тіл тигізді деген айып тағылып отыр. Осыған байланысты бірнеше айдан бері тергеу жүргізіліп, куәгерлер тыңдалған.

Түркия заңдарына сәйкес, осыған ұқсас дауларды сот тарапынан тағайындалған медиатор арқылы шешуге мүмкіндік бар. Дегенмен қос тараптың да бір-бірінің ұсынысын қабылдамағаны анықталды. Нәтижесінде прокурор жағдайға қатысты «қорлау тізбегін» анықтап, Бурак Озвучитті 3 ай 15 күннен 4 жыл 1 айға дейін бас бостандығынан айыратын жаза талап етуде. Ал әртіс өзіне тағылған айыптауларды жоққа шығарып отыр.

 

kaz.nur.kz

 

Рубрика: