Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Әйелдер тарапынан қызметке сұраныс артса, компания осы бағыттардың географиясын кеңейтуге дайын.

«Қазақстан темір жолы» АҚ сату және клиенттермен жұмыс істеу департаментінің директоры Ерлан Жимайлов тек әйелдерге арналған вагонға қатысты әзірленген жобаның ерекшеліктерін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Вот это новость» подкастына сілтеме жасап.

10 қазаннан бастап Алматы — Маңғыстау, Алматы — Өскемен бағыттары бойынша қатынайтын пойыздарда әйелдер үшін арнайы бір купе вагон ашылды.

«Бұл ең алдымен, әйелдердің қауіпсіздігі үшін жасалды. Мұндай вагондарға сұраныс бар. Әйелдер тарапынан қызметке сұраныс артса, компания осы бағыттардың географиясын кеңейтуге дайын. Бұл ретте 7 жасқа дейінгі ұл балаларды алып жүруге рұқсат етілетінін атап өту қажет», — деді Ерлан Жимайлов.

Ол сондай-ақ, мұндай вагондарда тек әйел жолсеріктер қызмет көрсететінін айтты.

«Әйелдер вагондарының басқалардан еш айырмасы жоқ. Баға бірдей. Стандарт купе», — деді ол.

Рубрика: