Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров қақтығыс жүріп жатқан Мариуполь қаласына келді. Бұл туралы республиканың ұлттық саясат, сыртқы байланыстар, баспасөз және ақпарат министрі Ахмед Дудаев мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.

Дудаевтың айтуынша, Қадыров қаланы азат ету бойынша алдағы әрекеттердің стратегиясын пысықтауды көздеп отыр.

«Қазір Мариупольдегі «негізгі жолайрығы» жақындап қалды, жақын күндері қала басып алынып, ұлтшылдар мен фашистерден тазартылады. Сондықтан Рамзан Ахматұлы Мариупольге жігіттердің рухын көтеруге келді», – деді ол.

Министр сонымен қатар Шешенстан басшысын көптеген қақтығыстарға өзі қатысқан «жауынгерлік генерал, стратег» деп атады.

 

Рубрика: