Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Жақында Атырауда ұзату тойын өткізіп, тұрмысқа шыққан атыраулық Заида Жаңабаева жолдасымен бірге Алматыда қыдырып жүр, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Атырау облысы Жылыой ауданының тумасы жақында нигериялық азаматқа тұрмысқа шыққан еді. Ол жұбайымен Атыраудағы шетелдік мұнай компанияларының бірінде танысқан. Заида вахталық режим бойынша аудармашы болып қызмет етеді.

Құлсарыдағы ұзату тойына Нигериядан күйеу жігіттің інісі мен жеңгесі келген. Енді олар тойдан кейін Алматыда қыдырып жүргенге ұқсайды. Instagram-да Заиданың қайнысына келін шай ұсынғанын байқауға болады.

  1. Сонымен қатар жас жұбайлар Алматыдағы көрікті жерлерді аралаған. Оның ішінде Көктөбеге барған.

Рубрика: