Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Бейжің Олимпиадасына шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрама командасының атынан қатысқан Абзал Әжіғалиев белгілі журналист Нұрсұлтан Құрманның YouTube-тегі Nursultan Qurman арнасына берген сұхбатында спорттағы талай шындықты бетке айтты деп хабарлады turkystan.kz.

-Бізді бүкіл әлеуметтік желіде «туристер, туристер» деп айтты. Сол сөз намысыма қатты тиіп кетті. Мен әлі үйленген жоқпын. Соны анам да күтіп жүр. Ең басты мақсат…қазақтар осы…қазір…Бізді «туристер» деп айтты. Осы намысыма қатты тиіп кетті (көз жасына ерік беріп, қайталады-ред). Өйткені, мен Олимпиадаға жайдан-жай барған жоқпын. Еліміздің туын алып шықтым. Төртінші орын алып қалдым. Осыны жазып жатқан адамдар жарысты қарамады деп ойлаймын. Өйткені, сеткадан өттім. Әлемдік рейтингте 50, 100 емес, топ үштікке кіремін. Бірақ, жарыста болмай қалды. Бұйырғаны болды, – деді спортшы.

Ал журналистің өзі «Сөзім жоқ…Абзал нағыз патриот. Осындай бауырларымызбен мақтанайықшы», деп шорт-трекшіге қолдау көрсетті.

Нұрсұлтан Құрман спортшымен сұхбатты кешке өзінің YouTube-тегі Nursultan Qurman https://www.youtube.com/c/NursultanQurmanchannel арнасына саламын деп отыр.

 

 

 

Рубрика: