Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Белгілі әнші Нұрлан Албанның үйі өртеніп кетті, деп хабарлайды Ulysmediа.kzға сілтеме жасаған

Төтенше жағдай туралы өнер иесі Instagram-да мәлімдеді.

«Қазіргі жағдайым осындай. Өнерге келгелі тірнектеп жинаған барлық музыкалық аспаптарым, құрал-жабдықтарым өрнетіп кетті. Құрметті бауырлар, қазір күн өте ыстық. Өрттен абай болыңыздар», — деді Нұрлан Албан.

Желі қолданушылары әншіге: «Бір жақсылығы бар шығар. Қайырлы шығын болсын», «Өміріңізде кереметтей өзгеріс болайын деп тұр, Алла қаласа», «Ең бастысы бас аман болсын» деп қолдау көрсеткен. 

Әнші Сәкен Майғазиев: «Нұрекем, бір АЛЛА жар болсын. Қасиетті ҚҰРАНның «Инширах» сүресінде «Қиындықтардан соң жеңілдіктер бар» деп бір емес, екі рет айтады. Бас аман болса шаш өседі. Біз біргеміз» деп пікір қалдырды өнердегі әріптесіне.

 

Рубрика: