Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Жас әнші Нұрмұхаммед Жақыптың «Самая-самая» әні желіде хитке айналды. Шығармаға түсірілген бейнебаян YouTube-тағы трендті видеолардың ішінде алтыншы орынға жайғасты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нұрмұхаммед Жақыпты көпшілік бала кезінен таниды. «Ана-әке» әнін орындаған ол халықты сан мәрте жылатқан еді. Бүгінде ақтаулық әншіге жерлесі Абай Бегей продюсерлік етуде. 

Айтпақшы, дәл осы «Самая самая» клипіне Абай Бегейдің ортаншы қызы Сымбат түскен. Екі жыл бұрын ғана ұстаздар туралы әнге клип түсірген жеткіншектер бүгінде махаббат хикаясында басты рөлді сомдаған.

Ал жұрт «қазақтың Джастин Бибері» деп атап кеткен Нұрмұхаммедтің бұл туындысына тыңдармандар жоғары баға берді. 
  

 

Рубрика: