Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Темір тұлпарын видеоға түсіріп, оны өзінің Instagram-дағы парақшасына жүктеді.

Танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа өзіне сәнді әрі қымбат сыйлық жасады, деп хабарлайды Экспресс К. 

Енді хит әнші сүттей аппақ Porsche Taycan маркілі көлікті тізгіндейтін болады. Осылайша ол өзіне ерекше сый жасаған.

Электр қуатымен жүретін көліктің иесі темір тұлпарын видеоға түсіріп, оны өзінің Instagram-дағы парақшасына жүктеді. Онда Әбдіжаппар ішін, сыртын көріп жатыр.

«Темір тұлпар 2022 жылы шыққан. Міне бүгін осы көлікті міндік. Қанша газды бассаң да дауысы жоқ. Құны 900 мың доллар», — дейді Әбдіжаппар Әлқожа.

Дәл қазір әнші достарымен бірге Түркияның Белек қаласында демалып жүр. Әбдіжаппар Әлқожа үйленген, төрт баласы бар. Бірақ өнер иесі отбасылы екенін көпшіліктен жасыруға тырысады.

Бұған дейін өнер иесі Ford Mustang және Hyundai Palisade маркілі көліктерді тізгіндеген болатын.

Рубрика: